IX-X ғасырларда Араб халифатының құрамына кірген әртүрлі елдер арасында ғылыми, мәдени және сауда қатынастарының қарқынды дамуы жүзеге асып жатты. Дәл осы кезде, ислам әлемінде сипаттамалық география саласында жазылған көптеген еңбектер пайда болды. Бұл еңбектерді жазудағы басты мақсат – керуен қозғалысына ыңғайлы болу, жаулап алған елдердің қарқынды дамуы және әкімшілік басқару үшін ислам әлемінің әртүрлі бөліктерінің карталарын құрастыру және оларды егжей-тегжейлі сипаттау еді.