Отандық тарихнамаға келер болсақ, М.Тынышбаевтың «История казахского народа» атты еңбегі ХХ ғасырдағы қазақ халқының оғыздармен байланысы туралы этногенез мәселелеріне бағытталған еңбектердің қатарында алғашқы тарихи-этнографиялық еңбек болып саналады.Кеңестік кезеңдегі қазақ зерттеушілерінің бірі Ә.Х.Марғұланның еңбектерінде біз тек көне аңыздар туралы ғана емес, оғыздардың орналасқан жері, қоныс аудару аймағы туралы да мәліметтер ала аламыз.