Академик Серік Қирабаевтың жазуынша, «...Сұлтан тұмса кезінен-ақ теледидардың көрігінде қайнап, шеберлігін шыңдады. Теледидардағы әдебиет, мәдениет, театр саласындағы сын ойлардың, жалпы көркем туындылардың барлық саласының жетілуіне қайрат етіп, өзі де барынша кемелденіп, тәжірибе толықтырып, көркемдік таным-түйсігін кеңейте түсті». Біз бұл мақаламызда ғалым берген бағаның байыбына барып, телепублицистің жетілу жолы мен кемелденген шағын дәлелдейтін шығармашылық шеберлігін тақырып ретінде қарастыруды өзімізше мақсат еттік.