Тамыры терең тарихы мыңжылдықтармен жалғасатын Сырдария өзенінің аңғары ежелгі ескерткіштерге толы. Бұл өзеннің бойы ғасырлар бойы тіршілік мекені болғандығы белгілі. Ежелгі өркениет жолында Қос өзен аралығының (Тигр мен Ефрат) мәдениеттері кең айтылса, Орта Азиялық қос өзен аралығы бұл Әмудария мен Сырдария арналарындағы мәдениет және бұл екі өзен бойында қалыптасқан халықтар әлемдік өркениетке өзіндік қолтаңба қалдыра білгені сөзсіз. «Сыр алаштың анасы» деп тегін айтылмасы белгілі. Яғни, Сырдария өзені қай заманда болмасын адамзат тарихының барлық кезеңдерінің куәсі. Сонау палеолит дәуірінінен бергі, қола, ерте темір дәуірлері, орта ғасырларға жататын ескерткіштер Сырдария (Сейхун) бойынан әр кезеңдерде кездесіп отырды.