Биыл Алашорда үкіметінің құрылғанына 105 жыл толып отыр. Бүгінгідей өліара шақта біздің қоғам қазақ тарихының осы бір елеулі кезеңіне қайта үңіліп, Алаш идеясының мәніне зер салып, зерделей түсуі керек еді, әзірге жалпы жұрт болып ондай деңгейге жете алмай жатырмыз. Дегенмен, көзі қарақты азаматтар, тарихшы ғалымдар, музей қызметкерлері тарапынан бұл күнге елеулі мән беріліп отырғаны да шүкір дегізеді. Апта басында осы атаулы датаға байланысты Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданынан арнайы делегация Астанаға келді.