Аңдатпа. Мақалада Lesson study әдісін «Қазақстан тарихы» пәнінде қолдану жүзеге асырылды. Lesson study әдісіне теориялық талдау жасалынды. Lesson study оқыту әдістемесін жетілдіру және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында, сондай-ақ оқыту үшін бағалау сияқты тұжырымдамалық педагогикалық тәсілдерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылды. Lesson study өткізу циклі бойында топтарда (немесе жұпта) жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған ереже берілді. Lesson study зерттеуінің негізгі тақырыбы «Сыни ойлаудың әдістері мен стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекетін қалай дамытуға болады?» болды. Осы мақсатқажету үшін «Қазақстан тарихы» пәнінен «Сақ патшайымы Томирис», «Үйсіндер туралы жазба деректер », «Аттила және оның жаулаушылық жорықтары» тақырыптары таңдалып алынып, сабаққа зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша талдау жасалынып, қорытынды шығарылды.