Биыл қоғам қайраткері Камал Бұрхановтың дүниеден өткеніне 3 жыл болды. Белгілі тарихшы, саясаттанушы, IV және V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған ол – 1954 жылы Өзбекстанның Ташкент облысы, Шұрайлысай ауылында дүниеге келген еді. Кезеңінде іргелі білім ордаларының алды болған Ташкент университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінде оқып, білім алған. Сонымен қатар ҚР Президент Әкімшілігінің бас сарапшысы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институттарының директоры қызметін атқарды.Оның ғылымға сіңірген еңбегі, қоғамға қосқан үлесі туралы айтылатын сөз көп. Бірақ қадіріне жеткен адам аз. «Шын мәнінде, адам, ол туралы айтылған соңғы естелігі өлгенде барып, өледі» деген тәмсіл бар. Ендеше өзі өмірден өтсе де, соңынан ерген жылы сөздер өлмеген Камал Бұрханов жайлы естеліктер сөйлесін...