Тоң Білге қатын құлпытасы 647 жылы қашалған, 1992 жылы қазан айында Қытайдың Шаньси провинциясының Лицюань үйезінің Чжаолин ауылының Чжуанхэ елді мекенінің аумағындағы Ашина Сымо қабірінен Ашина Сымо құлпытасымен бірге шыққан. Көртас екі бөліктен – қақпақтас пен бітіктастан тұрады.