(Жаңақорған өңіріндегі тарихи оқиғалар негізінде)Аудан аумағындағы көшпелі шаруашылықтарды ұжымдастырумен қоса отырықшыландыру ісі қатар жүргізіліп, оның соңы орташаларды қуғындау түріндегі тап күресіне ұласты. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қаулысы бойынша жоғарыда аты аталған ірі байларды кәмпескелеп, жер аударумен бұл науқан аяқталмады.