Мектептердің көп болғаны жақсы - жекеменшік болсын, мемлекеттік болсын, халықаралық болсын, бәрібір. Тіпті қазір микромектеп деген де бар. Сондай бір мектептің директорымен аз-кем сұқбаттасып қалғанбыз. Оның айтуынша, микромектепте балаға жіті қарайтыны соншалық, баланың көңіл-күйі неге төмен екенін педагогтар бір қарағаннан-ақ сезіп қояды-мыс.