Журналист Жанар Байсеміздің «Шетелдегі қазақ балалары» тележобасы арқылы халық Әнел Ниязбекованы таныды. Елі мен жерін аңсап Қазақстанға келген Әнел қазір елде әке-шешесін іздеп жүр. Ulysmedia.kz қандасымыздан сұхбат алып, оның өмірі, көзқарасы мен жоспары жайлы әңгімелесті.