Павлодарда қыруар қаржыға салынған суару жүйесінің істен шығуына байланысты Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылындағы шаруалардың сусыз қалғанын жазған едік. Салдарынан «Жангөбек» серіктестігінің егіс алқабы 40 градус ыстықта сусыз қалып, шаруалар шырылдап отырғанын айтып, редакциямызға хабарласқан. «Таңертең біз екі алқапты суаруға қостық. Үшінші (екінші) алқап суарылып жатқан кезде, сорғы станциясындағы (насосный) қозғалтқыш қызып кетіп, өшіп қалды. Жағдайды …