Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) деректеріне сәйкес, Қазақстан соңғы 15 жылда алтын қорын шамамен бес есе ұлғайтқан: елдегі бағалы металл қоры 67,3 тоннадан 339,9 тоннаға жетті. Ұлтық банк статистикасы да алтын-валюта қорымыз қарқынды өскенін көрсетіп отыр. Биылғы жылдың қаңтар-ақпанында жалпы халықаралық резерв 73,7 млрд доллардан асып, соның ішінде алтынның үлесі 57,8 млрд долларға жетті. Екі айдағы алтын үлесінің өсімі – 22%. Ulysmedia тілшісі қаржы сарапшысынан Ұлттық банктің алтын қорын көбейту себебін, бұл теңге тұрақтылығына қалай әсер ететінін cұрады.