2024 жылғы қыркүйекте Қазақстан Ұлттық банкі республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 1 миллиард АҚШ долларға дейін сатуға дайындалып жатыр. Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдеріне сәйкес, Ұлттық қордан валютаны сату көлемі 900 миллионнан 1 миллиард долларға дейін болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.