Еліміздегі қоқыс өңдейтін кәсіпорындар пластик заттарды елімізден шығаруға қарсылық көрсетіп отыр. «Шығатын шикізат өзімізге жетпейді» деген шикізат өндіретін зауыт басшылары толыққанды өз жұмыстарын істей алмай отырғанын айтады. Қазақстанда шикізат өндіретін 14-ке жуық зауыт бар. Олар 1 жылда 60 мың тонна пластик зат өңдеп шығара алады. Бірақ зауыттардың жұмыс істейтін қуаттылығы 20-30 пайызды ғана құрап отыр. […]