2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының ресми құжаттарының орыс тіліндегі нұсқасында ұлттық валютаның атауы «тенге» емес, «теңге» болып жазылады. Өзгеріс жаңа Салық кодексіне енгізілген терминологиялық түзетулер аясында жүзеге асырылады. «Бұл норма тек құжаттардағы жазылу үлгісіне қатысты. Ақша реформасы, деноминация, банкноттар мен монеталарды ауыстыру қарастырылмаған. Өзгеріс азаматтардың қаражатына, банк операцияларына және қаржы жүйесінің жұмысына әсер …