Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 250 млрд теңгеге көп. Бұл туралы өңір басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді. Ақмола облысының әкімі аймақта астықты терең өңдейтін алғашқы зауыттың құрылысы басталғанын айтты. Жобаны жүзеге асыруға 1,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Оның аясында үш мыңға жуық жұмыс орыны ашылады. Зауыт жылына үш миллион тоннаға дейін астық өңдейтін болады.
Экономика