Бүгін, 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ТМД Экономика кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен ТМД Экономика кеңесінің 94-отырысы өтті. Отырыста көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету мәртебесін қабылдаған болатын. Отырыс барысында қатысушылар туындаған мәселелерді шешудің бірлескен шараларының тізбесін мақұлдады. […]