Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды. Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік маршруттарында және Транскаспий халықаралық көлік бағытында мемлекеттердің өзара іс-қимылын нығайту шаралары қаралды.