Қазақстанда әлеуметтік төлем алушылар отбасының әл-ауқатын бағалау үшін жеке деректерін өңдеуге келісім беруі керек. Егер азамат бұған келісім бермесе, оның әлеуметтік төлемі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері «Отбасының цифрлық картасы» жүйесіне екінші деңгейлі банктерді қосу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл азаматтардың материалдық жағдайын бағалау кезінде қосымша мәліметтерді …