Бір ай бұрын осы өңірде болған президент қант тапшылығын болдырмау үшін екі зауыттың жұмысын жандандыруға пәрмен берген. Алайда бұл өндіріс орнының басшылығы жергілікті шаруалар өсірген қызылшаға лайықты құнын бермейді немесе мүлдем қабылдамайды деп қапалы, деп хабарлайды Zakon.kz.