Сондай-ақ, комиссия мүшелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы мен «Еңбек жолы» конкурсын өткізуді ұйымдастыру шараларын талқылады. Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес «Парыз» конкурсына қатысуға 337 кәсіпорын өтінім берген, ал «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға 418 еңбек әулеті мен жұмыс істейтін азаматтар ниет білдірген.