Кейінгі кезде Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналды. Сондықтан Қазақстанның мұнай тасымалдауда Ресейге қаншалықты тәуелді екендігіне қысқаша тоқталуды жөн көрдік. Ресей-Украина қатығысы басталып, Батыс елдерінің Мәскеуге салған санкциясы күшейген тұста Қазақстанның Ресейге экономикалық және транзиттік тәуелділігі мәселесі өзекті бола түсті. Қазақстанның Ресейге транзиттік тәуелділігі Ресми статистикалық мәліметке сәйкес 2021 жылы Қазақстан мұнайының 97%-і Ресей арқылы экспортталған. Оның ішінде 53 млн тонна […]