Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Энергетика министрлігі мен «Turan Wind Energy» ЖШС арасындағы қуаты 1000 МВт болатын жел электр стансасын және қуаты 300 МВт электр энергиясын жинақтау жүйесін салу бойынша Келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.