Сатып алулар кезінде анықталған барлық бұзушылық фактілерін қор құқық қорғау органдарына өткізетін болады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бүгін, 19 шілдеде қорды реформалау жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.