Ресей "астық келісімінен" уақытша шығатынын мәлімдеді. Әскери арандатушылықтардың салдарынан әлемде бидай, жүгері және сұлы фьючерстері қымбаттады. Бірақ "астық дәлізі" әлі де жұмыс істеп тұр. Экономист Арман Бейсембаев Zakon.kz-ке бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер ететінін айтып берді.