Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы" үкімет қаулысының жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, республикада еңбекке жарамсыз болып қалу және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері 14,5 пайызға артады.