Аяз қысқанда көмір қымбаттады. Қарағанды облысының "Шұбаркөл" кенішінде әр тоннасына тағы 790 теңге қосылды. Осылайша қаңтардан бастап қатты отынның әр тоннасы 8790 теңге болып бекітілді. Яғни, былтырғымен салыстырғанда 9,9% өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.