Krisha.kz-тің жазуынша, Қазақстанда әрбір бесінші клиенттің несие тарихы нашар. Уақытында қарызын төлемеген соң мерзімі өткен ипотекалық немесе тұтынушылық несиелер бойынша тұтынушылардың кредит тарихы жаңарды. Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының мәліметінше, несие тарихы жаңарғандардың жартысына жуығы (47,7%) жаңа мәртебе берілгеннен кейін несиені қайта рәсімдеген. 2021 жылдан бері бір жыл ішінде 1,4 миллионнан астам адам несие тарихын түзеді. […]