Мәжіліс депутаттары жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң жобасын дайындауға кірісті. Азамат өзін-өзі банкрот деп жариялауға арналған өтінішті соттан бөлек, Egov порталы немесе Е-салық қосымшасы арқылы беруге болады. Құжаттарды тапсырғаннан кейін жеке тұлғаның басында мүліктің жоқтығы, кредитті кешіктіру мерзімінің сақталуы сияқты талаптарға сәйкестігі тексеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.