Қазақстандықтар арасында ара-тұра "қара халықтың несиесі кешірілсін" деген ұран жиі айтылады. Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, ел халқының банктерге берешегі шамамен 5 триллион теңгені құрайды. Ал мұндай үлкен сомманы банктер кешіре ала ма? Әлде үкіметтің қауқары жете ме? Мақсат Халық бұл туралы журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.