1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5% ұлғайтылады. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.