Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және негізгі акционері Тимур Турлов қазіргі жағдайда қазақстандықтарға долларды 500 теңгеден сатып алудан гөрі теңгемен рәсімделетін ұзақ және орта мерзімді депозиттерді, сондай-ақ мемлекеттік немесе корпоративтік бағалы қағаздарды таңдаған тиімдірек екенін айтты.