2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Дегенмен, биыл 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келген соң, төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті осындай ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.