Еліміздегі бірқатар банктер мен ақша айырбастау орындары долларды сатып алғанымен, оны жеке қолға сатып жатқан жоқ. Мұны пайдаланған алыпсатарлар шұғыл түрде АҚШ валютасы керек азаматтарға долларды ғаламтордағы жарнама сайттары арқылы өткізіп жатыр. Бірақ ойына келген бағамен есептеп, ресми курстан әлдеқайда жоғары саудалауда.