Мемлекет басшысы Жолдауда нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес деді. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр. Осы және басқа да сауалдардың жауабын білу үшін «Отбасы банкіне» хабарласқан едік.