Алматы облысында R.O.I. тұтынушылар кооперативіне ақша құйып, пайызсыз үй алмақ болған бір топ салымшы "алдандық" деп шу шығарды. Олар қазір не салған ақшамыз, не алған үйіміз жоқ дейді. Айтуларынша, аталмыш компания келісім шартта көрсетілген талапты түрлі сылтау айтып өзгертіп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.