Азаматтық авиация комитетінің төрағасына сұрақ қойғанда журналистер Fly Аrystan компаниясын мысалға келтірді. Компания алғаш ашылғанда көбі әуе билеті қарапайым халыққа қолжетімді болады деп қуанып еді. Ал негізінде билетті бірнеше ай бұрын алсақ қана арзанға ала аламыз. Тақалғанда билет бағасы тіптен өсіп кетеді. Төрағадан осындай жағдай не себепті болатыны сұралды.