Бүгінде Қазақстандағы авто салондарда су жаңа темір тұлпар табу қиынға соғуда. Тұрғындардың сөзінше, олар көлікке тапсырыс беріп, 2-3 айлап күтуге мәжбүр. Бұған қоса, келісімшартқа мұқият болмаса, көлік құны жеткізілгенше аспандап кетеді. Бағадан бөлек, енді жаңа авто алғысы келетіндерге көлікке қажетті жабдықтарды қоса сатып алу міндеттеуде. Осылайша, сұраныс артқан сайын автосалондар өздерінің талаптарын мәжбүрлі түрде орындатып жатыр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.