«Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларды несиенің максималды сомасымен шектемейтін болады. Осыған дейін аймаққа байланысты ол 10 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін ғана болатын. Енді несие сомасы пәтер құнына негізделетін болады және тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы бойынша қалыптасады», - деді «Отбасы банкі» АҚ Алматы қаласы бойынша филиал басшысы Данагүл Түсіпова.