Елімізде «Дипломмен ауылға» жобасы өз жұмысын бастағалы бері 38 мың қазақстандық бюджеттік несие алған екен. Біз бұл клиенттік базаны бағдарламаның бұрынғы операторынан алдық. Заң бойынша, осы несиелерге қызмет көрсетуді жалғастыру үшін қарыз алушылар «Отбасы банкінен» шот ашулары қажет. Клиенттерді хабардар етпей, олардың келісімінсіз біз оны өз бетімізше ашуға құқығымыз жоқ. Сондықтан, «Дипломмен ауылға» жобасының барлық қатысушыларын 2023 жылдың 1 мамырына дейін жеделдетіп, ағымдағы шот ашып, банк клиенті атанып үлгерулерін сұраймыз. Сонда кез келген екінші деңгейлі банктен клиент осы ағымдағы шотты толықтырып, сол арқылы несиесін өтей алады