Осыдан тура бір апта бұрын мемлекет басшысы шенеуніктерді сынға алды. Бәрі қымбаттап жатқанын, ал Үкіметтің бос отыратынын айтты. Халық белін одан сайын бүгуде. Енді, бәрі сиқырланғандай елде арзандай бастады. Азық-түлік бағасы жарты пайызға төмендеді. Тіпті тұрғын үй кенеттен қол жетімді болды, деп мәлімдеді Үкімет.