Елімізде ұшақ билетінің құны тағы да қымбаттауы мүмкін. Өйткені Алматы әуежайы ішкі рейстердің ұшып-қону қызметінің бағасын көтермекші. Аталған қызметтің тарифі соңғы рет 2004 жылы бекітіліпті. Жыл сайын 1 миллиард 300 миллион теңге шығынға батамыз деген әуежай осы уақытқа дейін техникаларын қалай жаңартып келген?