Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары мал жаюға арналған жердің тапшы екенін айтып, шағымдануда. Жайылымның жақсысы жекеменшікке кетті деп отыр. Ал ауыл әкімдерін әрекетсіз деп айыптады. Бірақ шенеуніктер Көктоғай тұрғындарына жер жеткілікті деп сендіруде. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына мал шаруашылығымен айналыспауға кеңес берген. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.