Cоңғы он жылда ел бюджетінен азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін 750 миллиард теңге бөлінген. Десек те кейбір сарапшылар "Жұмыспен қамту" бағдарламасын нәтижесіз деп, миллиардтардың "көкке ұшқанын" айтады. Он жылдан бері мемлекеттік бағдарлама іске асып, қыруар қаражат бөлініп жатқанымен, әлі де бірнеше аймақта жұмыссыз жүрген қазақстандық жетерлік. Мысалы, бір ғана Нұр-Сұлтанның "құл базар" аталып кеткен жеріне күн сайын 400-ге жуық азамат жұмыс іздеп барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.