Жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан жүзеге асырылады. Елімізде 80 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.