Солтүстікқазақстандықтар қант тапшылығын қолдан жасап, дүрлігіп жатыр. Соңғы күндері Петропавлда қант саудасы 20 есеге артты. Бұған Ресейдің Қазақстанға қант экспортын жарты жылға тоқтатқаны себеп. 2-3 күнге сауда сөрелерінен жойылып кеткен тауар кейбір дүкендерде пайда болды.