«Нанның қымбаттауы бірнеше себепке байланысты. Қосымша құралдар, электр энергиясы қымбаттады. Коммуналдық қызметтердің де бағасы өседі. Сол себепті баға өсімі бар. Оны байқап отырмыз. Қаңтардан бастап бағаларды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдаймыз», - деді Ербол Қарашөкеев үкімет кулуарында.