"Ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 165 мың тоннаны құрайды, бұл өндірілген көлемнен аз. Осылайша, былтырғы қалдықтар мен жаңа егіннің болуы Қазақстан халқының күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатынын сенімді түрде атап өтуге болады. Сонымен қатар, артық өнім басқа елдерге экспортталады. 2022 жылдың 8 айында 67,8 мың тонна экспортталды", - делінген хабарламада.