Қазақстанда әйелдер зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді сұрауда. Олар бұған дейін де митинг өткізіп, шенеуніктермен кездесуді талап еткен. Енді белсенділер депутаттарға үндеу жолдады. Олар халық қалаулыларынан мәселені парламент деңгейінде көтеруді сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.